RU

Қарағандылықтарды тал түсте ажал құшқан жас жігіттің видеосы дүрліктірді

Қарағандыда тапа тал түсте ер адам көз жұмды. Адам өлімі фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жас жігіттің қанға бөгіп жатқан видеосы Instagram парақшасында жариялаған.

Анықталғандай, қайғылы жағдай маусым айының ортасында Қарағандыдағы аудандардың біріндегі Космановтар көшесінде орын алған.

Қаза болған жігіттің туыстарының сөзінше, жас жігіт отбасын құрған, құрылысшы болып істейді. Космонавтар көшесіне ол сол күні жұмыс бабымен келіп, бір шетінен әйелінің туыстарына кірген.

Тағы оқыңыздар: "ЭКСПО" көрмесін тамашалауға келген меймандар тынығатын орындық таппай дал болды (фото)

"Ол сол күні біздің үйге келді. Қылмыскермен таныс болмаған. Жәй ғана кездейсоқтық... Ол өте ашық жігіт болған. Қылмыскерге үйінің шатырын жөндету қажет болған, ары қарай не болғанын білмейміз", - дейді туыстары.

Сондай-ақ, олар кісі өліміне қатысты күдіктінің құрықталып, оң куәлік бергенін хабарлады.

"Видеоға түсіргендер, міне өлтіріп тынды деп Юра туралы айтты. Ол түрмеге отырып шыққан. Арматруамен ұрып, өкпесі мен артериясын жаралаған. 27 шілде күні оның қырқы болады", - дейді марқұмның туыстары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1553239-qaraghandylyqtardy-tal-tuste-azhal-qush.html