RU

Виктор Храпунов Швейцарияда әйелінің есебінен қалай өмір сүріп жатыр? (фото)

Сыбайлас жемқорлықпен айналысты деп айыпталған соң елден қашып жүрген Виктор Храпуновтың Швецариядағы отбасы 10 жыл бойы қандай қаражатқа өмір сүріп жатқанын оның әйелі айтып берді.

Қашқындар отбасы ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлық ісі бойынша айыпталуда. Храпуновтар  туған жерлерінен жымқырған ақшаға Калифорниядан қымбат жылжымайтын мүліктер мен автомобиль алған.

Өздерін ақтап алу үшін ерлі-зайыпты Храпуновтар мен олардың балалары мұны саяси қуған-сүргін дейді.

Виктор Храпунов өз ойын жазатын хаттармен сирек бөліседі. Ал жары Лейла Храпунова ашық жазбалар жазып, желіде белсенді түрде барлығымен араласып отырады.

"69 жаста болса да Виктор Вячеславович жас көрінеді, күн сайын велосипедте сегіз шақырым қашықтық жүреді, көпшілік қызғана қарайтындай көңілді. Әдемі қартаю әркімнің қолынан келмейді", - деп мақтайды өз күйеуін Лейла.

Тағы оқыңыздар: Алпыс жасқа толған отандық әнші тоқал алуға қарсы еместігін айтты

"Ел бізді сағынады, біз де елімізге сол сезіммен жауап береміз", - дейді Храпунова.

Әлеуметтік желілерде Лейла Храпунова өзінің достары мен желідегі қолданушыларын түрлі ұлттық мерекемен ұлттық тағамдар суретін бөлісіп, құттықтап тұрады. Оның ішінде мұсылмандар мейрамы да бар.

Лейла Храпунованың көптеген хаттары ақша жымқырды деп айыпталған отбасын ақтауға арналған.

"Біз Виктор Вячеславовпен менің қаражатыма өмір сүріп жатырмыз. Храпуновтың жұмыс істеуге құқы жоқ, оған тұруға құжат аударған кезде зейнеткер статусы берілген. Қазір оның жасы 68-де, ол кітаптар мен мемуарлар жазуда. Қазіргі таңда оның басты жұмысы осы", - дейді шенеуніктің жары.

Менің ата-анама әлеуметтік қызмет әлеуметтік тұрғын үй, медициналық сақтандыру мен жол шығынын төлеп тұрады.

Әпкемнің күйеуі жұмыс істейді, балалар муниципалды мектепте оқиды, әлеуметтік қызмет бір кездері әпкем мен күйеуінің француз тілі сабағын төлеген. Сол себепті  болашаққа қатысты оларда проблема болмауы тиіс.

Әпкем ағылшын, француз, түрік және орыс тілінде жақсы сөйлейді. Ал әпкемнің жолдасы қазақ, орыс, араб, иврит, ағылшын, француз тілдерінде жақсы сөйлейді.

Әпкемнің барлық отбасы қоғамдық жұмыспен айналысады, жеке меншік операда ән айтады, күйеу баласы эмигранттарға француз тілінен сабақ береді, әпкемнің өзі әйелдер ұйымына белсенді қатысып тұрады. Менің үш балам да бөлек тұрады, әрқайсы өз өмірлерін сүріп, жұмыс істеп, бала тәрбиелеуде.

Жақындарымның барлығының өмірі 2009 жылдан бергі Әблязов пен менің отбасымды қуғындаудың аясында өтіп жатыр",- дейді Лейла Храпунова.

Лейла Храпунова жақындарының өздеріне тағылған айып пен шетелдегі сот ісіне қатысты дүниелерді еске салып отыратынын мойындайды.

"Мен жақында ғана ТМД республикасы өкілінің бірімен болған кездесуді еске алдым. Ол мені көре сала бірден: мен қазақтардың сіздердің президент Трамппен қарым-қатынастарыңыз жайлы жандарын салып талқылап жатқанын жиі естимін деді", - деп жазады Храпунова.

Тағы оқыңыздар: Антарктидадан триллион тонналық алып айсберг бөлініп қалды

Лейла Храпунова -  "Viled" компаниясы тобының бұрынғы иегері,  мемлекеттік емес "Алматы экономикалық университетінің" құрылтайшысы.  2012 жылы Қазақстанның экономика және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі іздестіру жариялаған.

2009 және 2011 жылдары Храпуновтар отбасы "Bilan" журналының нұсқасы бойынша Швейцарияның ең бай 30 адамының тізіміне кірген, олардың байлығы 300—400 млн швейцар франкін құрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1553288-viktor-khrapunov-shveycariyada-ayelini.html