RU

Мәсімов шетелдік арнайы қызметтің Қазақстан құпиясын қалай ұрламақ болғанын айтып берді

Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің басшысы Кәрім Мәсімов  "Казахстанская правда" газетінде Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің қалыптасқанына 25 жыл толуына орай мақала жариялады. Мақалада ол ҰҚК жұмысының нәтижесін баяндайды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

"Соңғы 10 жыл ішінде ғана ҰҚК-нің терроризмге қарсы қызметі террорлық сипаттағы 100 шақты зорлық-зомбылық акциясының алдын алды. Халықаралық террорлық ұйымдардың Қазақстанға қарай ұмтылыстарына тойтарыс берілді. Күрделілігі жағынан бірегей операциялар жүзеге асырылып, "Орталық Азия моджахеттерінің жамағаты", "Джунд-әл-Халифат", "Хизб-ут-Тахрир" және басқа да құрылымдар жойып жіберілді. Әріптес арнайы қызметтермен бірге ондаған терроршылар мен экстремистер іздеп табылып, экстрадицияланды", — деді Мәсімов.

ҰҚК басшысының сөзінше, осы 25 жыл ішінде Қазақстанның қарсы барлауы мемлекеттік құпияларды сақтаудың өзіндік жүйесін құрған.

Тағы оқыңыздар:Виктор Храпунов Швейцарияда әйелінің есебінен қалай өмір сүріп жатыр? (фото)

"Сапфир" және "Виктория" қарсы барлау операциялары аса жоғары деңгейде өткізілді. 2007 жылы АҚШ Президенті Джордж Буш: "АҚШ тарихында ядролық қаруды таратпау ісінде Қазақстаннан асқан әріптес әзірше болған емес" деп кездейсоқ айтпаса керек", - деп еске алады Мәсімов.

Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік Комитеті 25 жыл бұрын 1992 жылы 13-ші шілде күні президент жарлығымен  құрылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1553375-masimov-sheteldik-arnayy-qyzmettinh-qa.html