RU

Алты жасар бүлдіршінді кәмпитпен алдап, зорлағандар жаға ұстатты

Қырғызстанның Жеті Өгіз ауданында үш жасөспірім алты жасар баланы зорлаған болуы мүмкін деп күдіктелуде. Бұл жайлы K-News сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Тергеу амалдарының нұсқасы бойынша, сәуір айында бүлдіршіннің көршісі болып келетін жасөспірімнің бірі оны кәмпит беремін деп алдап алып кетіп, зорлаған.

Тағы оқыңыздар: Құда түсу немесе сөз салу ислам дініне сай қалай орындалуы тиіс?

"Бір ай өткен соң жасөспірім екі досына бүлдіршінді қорлауға ұсыныс жасаған, олар болса келіседі. Физикалық күш қолданып, олар бүлдіршінді зорлаған. Баланың айтуынша, бұл әрекет бірнеше рет орын алған. Шыдамаған бала бәрін ата-анасына айтып берген", - дейді милициядағылар.

Қылмысқа күдікті деп танылған үш жасөспірімді милиция қамауға алған. Олар өз кінәларын мойындады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1553433-ush-zhasospirim-alty-zhasar-buldirshindi.html