RU
Атышулы емші бала Ербосын өзін алаяқ деп сынағандарға жауап берді (фото, видео)
Жаңалықтар Қоғам

Атышулы емші бала Ербосын өзін алаяқ деп сынағандарға жауап берді (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Елді шулатып жүрген Ербосын Серікбаев сарапшы маман Жанна Нұрсейітоваға NUR.KZ порталы арқылы видеосәлемдеме жолдады. Ол соңғы кездері өзі туралы айтылып жүрген сын сөздерге қатысты өз пікірін айтып, NUR.KZ порталына эксклюзивті сұхбат берді.

Ақтөбе қаласында адам қабылдауды жалғастырып жүрген Ербосын үкілі тақиясын шешкен. Бүгінде МС Сайлаубектей малақай киіп жүрген үкілі бала Ақтөбеге келіп, орыс тілінде сайрап жүр. Ол «Ербосынға жын кірген», «алаяқ бала»  деушілерді көре алмайтындардың әңгімесі деп қарайтынын жасырған жоқ.

Тағы оқыңыздар: Форбс тізіміндегі ең қалталы әнші Қайрат Нұртас өзінің бай екенін жоққа шығарды

«Мен Жанна ханымды жақсы білемін, психолог маман. Мені көршілерім 4 жасымнан бастап біледі. Қиындықты көріп өстік. Алыс трассадан су тасып ішіп қиналдық. Кейін мен ауырып қалдым. Емге қаншама ақша кетті. Көп адамдар Ербосын жынданып кетті деп айтады. Ондай ештеңе болған жоқ. Тек сіңірім тартылып ауырып қалдым», - дейді Ербосын Серікбаев.

Емші бала өзінің жынды емес екеніне сендіруге тырысып, Құран сүрелерін оқимын деп ақталды. Егер қаласа 2 миллион теңгемен атақты әнші болып кете алатынын да айтты.

«Өзім ем барысында 9 рет «Фатиха» сүресін, 6 рет «Ықылас» сүресін оқимын. Кісілерге дем саламын. Өзімнің қосымша емдерімді жасап, кісілерді жақсылап жіберемін. Жанна ханым біздердің сөзімізге қарай айтып тұр. Ол болмаған затты айтып тұр. Егер мен атаққұмар болсам, 2 миллион теңгеге өлең жазғызып алып, әнші болып кетемін. Олай да болады», - дейді Ербосын.

Тағы оқыңыздар: Үйінен айырылған төрт ағайынды жетім балалар Сапарбаевтан күдерін үзді (фото)

«Ақылды қу» атанған емші бала өзінің қабілетін дәлелдеу үшін әлеуметтік желілерді де пайдаланып жүр.

«Мен балалар үйіне көмектесемін. Биыл мешітімді салып бітірдім. Қазір әркім өз ойларын ашық айта алатын заман. Айта берсін. Мен емдеуді әрі қарай жалғастыра беремін. Қолдамайтын адамдар мені төмендеткісі келеді. Мен олардың айтқанына қарамай, емімді әрі қарай жасаймын. Мен халықтың денсаулығы үшін күресетін адаммын. Мен қазір жазылған адамдарды видеоға жазып алып, Instagram  парақшамда бөлісіп отырамын», - дейді Ербосын Серікбаев.

Материалды көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады.

Сіздің реакцияңыз
315
48
34
33
0
57
64
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel