RU

Алматыда өзін-өзі өртеген әйелге үкім шығарған судьяның басы дауға қалды

Баспанасын қорғаймын деп өзін өзі өртеп жіберген Алматы қаласының тұрғыны Светлана Тұрғанбава қатысты заңсыз шешім шығарған экс-судья Өмірзақ Серімов енді өзі де сотталуы мүмкін деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасап NUR.KZ.

25 жыл бойы адам тағдырын шешіп келген судьяның бұдан басқа да заңсыз істерге қатысы бар сияқты.

Бес жыл бұрын 24 мамыр күні Светлана Тұрғанбаева үйінен күштеп шығармақшы болған сот орындаушыларын бала-шағасының көзінше өз-өзін өртеп жіберген, денесінің 85 пайызын күйік шалған әйел көп ұзамай емханада көз жұмған. Оның мұндай қадамға баруына судья Өмірзақ Ерімовтың заңсыз деп танып, сот орындаушысы Алмасбек Елтоқовтың қысым көрсетуі түрткі болған дейді Светлананың балалары.

Тағы оқыңыздар: Атышулы емші бала Ербосын өзін алаяқ деп сынағандарға жауап берді (фото, видео)

"Анамды осы жағдайға алып келген Елтоқов. Оның айқайлауы, психологиялық қысымы анамның түбіне жетті. Судья шешімінің де әсері бар. Анам біз далада қалмасын деп қайтыс болды",-дейді марқұмның қызы.

Көп балалы ана қайтқан соң, араға төрт жыл салып жолдасы Зейіш Қоржынбайда көз жұмған. Бүгінде даулы үйде Қоржынбаевтардың жетім қалған балалары, күйеу балалары, келіндері мен немерелерін қосқанда 16 адам тұрып жатыр. Үйдің заңды иесінің кім екені осы уақытқа дейін белгісіз болғандықтан, ондағы тұрғындардың болашағы әлі белгісіз.

Тағы оқыңыздар:Шілденің 15-інен бастап жүргізушілерді жаңа айыппұл күтіп тұр

Судья Өмірзақ Серімов кәсіби жарамсыз деп танылып, қызметіне лайықты емес деген себеппен орнынан шеттетілген. Ал оның заңсыз әрекеттері енді ғана сотқа жетіп отыр. Экс-судьяға қатысты қылмыстық кодекстің 350-307 баптары бойынша іс қозғалған. Алайда істің алдын-ала тыңдалымына экс-судья да, оның адвокаты да келмеген. Серімовтің шешіміне көңілі толмаған тағы он шақты адам сот залына келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1553564-almatyda-ozin-ozi-ortegen-ayelge-ukim.html