RU

Дос Көшім: Сенат жұмыссыз әкімдердің демалыс орнына айналып кетті

Парламент сенаты экс-әкімдердің демалыс орнына айналып кетті. Белгілі саясаттанушы Дос Көшім жоғарғы палатаға осындай баға беріп отыр деп хабарлайды Евразия арнасы.

Осы каникулдың алдында сенаттың 12 депутаты парламентпен қоштасты. Орнына су жаңа сенаторлар сайланды. Кеткендердің ішінде Қуаныш Айтаханов, Серік Ақылбай, жазушы Жабал Ерғалиев секілді көзкөргендер бар еді. Ал өзгергендердің арасында кімдерді танисыз?

«Талдаулар біресе доллармен, біресе теңгемен есептеледі» - Қуаныш Айтаханов. Сенаттағы сауатты сөйлеп, өткір мәселе көтеріп, Үкіметке жиі сауал жолдайтын

депутаттың бірі – Қуаныш Айтаханов еді. Ол да кетті Сенаттан. Биылғы сайлаудың алдында 16 депутаттың өкілетті мерзімі аяқталып, оның 12-сі Парламентпен қоштасты. Ал 4-еуі қайта сайлауға түсіп, жылы орынын суытқан жоқ. Солардың ішінде үш тілділік саясатын қатты сынаса да Мұрат Бақтиярұлының бағы жанды. Сайлауға түсіп, тағы депутат болды.

Тағы оқыңыздар: Еліміздегі ең сәнді киінетін шенеунік кім?

Ал қоғам қайраткері Дос Көшім Сенатты экс-әкімдердің демалыс орны деп бағалайды. Жоғары палатаның саяси аренадағы рөлін нақтылаау керек дейді ол.

«Сенат бір демалыс орны сияқты болды. Белгілі бір қызметтен кеткенен кейін, облыстық әкімдіктен кеткеннен кейін кейбір қызметтер болып қалғанда соның ішіне жіберетін «скамейка запасных» дейді ғой орыстар, сондайға ұқсап кетті. Сенаттың мәні түсіп келе жатыр. Болмаса сенатқа нақты құзырет беріп, оның саяси аренадағы рөлін анықтау керек. Сонда ғана мына адамдар мынаны шешеді екен, осы адамдарға сайлауға тырысайық деген ой туады» - дейді саясаттанушы Дос Көшім.

Дос Көшім айтқандай, су жаңа сенаторлар арасында экс-әкімдер жетеді. Жыл басында бюджетті игеруге байланысты премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтан сөз естіген Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтановта депутат болып шыға келді.

Дүние кезек. Бюджет қаржысын уақыты игере алмай, сөз естіген Ерік Сұлтанов енді үкіметтің жұмысын қадағалайды. Жаңа конституциялық реформа бойынша солай.

Тағы оқыңыздар: Атышулы емші бала Ербосын өзін алаяқ деп сынағандарға жауап берді (фото, видео)

Соңғы сенат сайлауында 52 кандидаттың ішінен іріктеліп шыққандардың бірі – Динар Нөкетаева. Алматы қаласынан сайланды. Динар ханымға депутаттық кресло таңсық емес.

Ол 2004, 2008 жылдары мәжілісте болды. Қазір мәжіліске, сенат ғимаратына келсеңіз, ешқандай депутат таба алмайсыз. Өйткені

Парламет каникулда. Ал сайлаудан сүрінбей өткен су жаңа сенаторлардың тағы жолы болды. Енді олар 1 қыркүйекке дейін жақсылап демалып, күзде білек сыбанып жаңа қызметіне кіріседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1553569-dos-koshim-senat-zhumyssyz-akimderdinh-d.html