RU

Дәурен Абаев сәнді киінетін шенеуніктер арасында көш соңында қалып қойды

NUR.KZ порталы оқырмандармен бірге шенеуніктердің киім киюдегі талғамын сарапқа салуда. Халықтың көз алдында жүрген мемлекеттік қызметкерлердің арасында ең сәнді киінетінін анықтау әлі де жалғасады.

Бір тәулік ішінде бәйгедегі шенеуніктерге жалпы саны 2320 дауыс берілген. Әзірге Мәдениет және ақпарат министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы 636 дауыспен алда келеді.

Тағы оқыңыздар: Белгілі шенеунік Америкада ұлды болғанын айтып, сүйінші сұрады

Одан кейінгі орындарда Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов пен Алматы әкімі Бауыржан Байбек тұр.

Ал Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевқа ең аз дауыс берілген. Ол 94 дауыспен көш соңында келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1553640-dauren-abaev-sandi-kiinetin-sheneunik.html