Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сіз кімсіз?: Тұрғындар Қарағанды облысының әкімін танымай қалды (видео)

Опубликовано:

Аулалардағы абаттандыру жұмыстарын тексеріп келген Қарағанды облысының әкімін тұрғындар танымай қалған, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов жақында ғана абаттандыру жұмыстары аяқталған 18 ықшам ауданына халыққа алдын ала ескертпей келген. Жаңа әкімді кейбір тұрғындардың танымағаны да осыдан болар.

Су жаңа балалар мен футбол алаңдарын тексерген атқамінер қоластындағыларына бірқатар тапсырма беріп, жұрттың шағымын тыңдап қайтты. Бірақ шенеунікті әлі күнге дейін білмейтін адамдар да бар екен.

Мәселен, әуелі ризашылығын білдірген қария соңында оның кім екенін сұрап қалды.

«Немерелерімді кеше алып келдім. Олар көшемізді танымай, «Әже, сен басқа жаққа көшіп кеткенсің ба? Астанадан да әдемі»,-дейді. Сондықтан баршаңызға рахмет! Алла разы болсын! Ал, сіз кім боласыз? Басшысыз ба?»,-деп сұрады Қарағанды қаласының тұрғыны.

Тағы оқыңыздар: Атышулы емші бала Ербосын өзін алаяқ деп сынағандарға жауап берді (фото, видео)

Дегенмен, Ерлан Жақанұлы өзін ақыры таныстырмай кетті. Еске салайық, Ерлан Қошановты Қарағанды өңірінің басшысы болып осыдан төрт ай бұрын елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі тағайындап кеткен еді.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1553681-siz-kimsiz-turghyndar-mulde-tanymayty/

pixel