RU

Ғалымдар ұзақ өмір сүрудің тиімді әдісін тапты

Америкалық ғалымдар егде жаста өмірді ұзартудың тиімді әдісін тапты деп хабарлайды Baq.kz шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Мамандар жүргізген тиісті зерттеу New England Journal of Medicine журналында жарияланған.

Зерттеуде көрсетілгендей, күнделікті жейтін ет пен тәтті сусындарды азайтып, оның орнына дәнді дақыл, көкөніс, жеміс-жидек, жаңғақ, балық секілді өнімдерді тұтыну мезгілсіз өлім қатерін едәуір төмендетеді.

Тағы оқыңыздар: Сіз кімсіз?: Тұрғындар Қарағанды облысының әкімін танымай қалды (видео)

Сарапшылардың пайымынша, жерорта теңіздік диета мен DASH (Dietary approaches to stop hypertension) тәсілі - басқаларға қарағанда анағұрлым тиімді тамақтану режимі.

Ғалымдар 12 жыл бойы (1986-1998 жылдар) егде жастағы 74 мыңға жуық адамның тамақтану режимін бақылаған. Кейін дәл осы топтағы адамдарда кейінгі 12 жылда (1998-2010 жылдар) мегзілсіз өлім қатерімен байланысты факторлардың туындауына талдау жасаған.

Сараптама көрсеткендей, бастапқы 12 жыл диета сапасын жақсартқандарда кейінгі 12 жыл өлім қатері едәуір төмендеген. Күнделікті жейтін бір порция етті жаңғақ немесе бұршақ тұқымдастарға алмастыру өлім-жітім қатерін 8-17 пайызға азайтып отырған.

Жерорта теңіздік диетада көкөніс, жеміс-жидек, жаңғақ, бұршақ тұқымдастар (асбұршақ, үрме бұршақ, жасымық ), тазартылмаған зәйтүн майы мен балық өнімдері қарастырылған. Бұл диета кезінде ас мәзірінен майлы тағамдар, атап айтсақ, сүт өнімдері, құс еті, ет толығымен шығарылады. Бұған қоса, жерорта теңіздік диетаны ұстағандарға аз-аздап шарап ішуге де рұқсат етіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1553698-egde-zhasta-omirdi-uzartudynh-adisi.html