RU

Алматыда жарнаманың кесірінен үш жасар баланың ортан жілігі сынып кетті

Алматының қақ ортасында орналасқан сауда орталықтарының бірінде төтенше жағдай орын алды. Үш жасар баланың үстіне жарнама қалқаны құлап, сәби жазым бола жаздады деп хабарлайды Алматы арнасы.

Ол қазір ауруханада ем қабылдап жатыр. Бұл оқыс оқиғаға байланысты жан-жақты тексеріс жүргізілуде. Ал ойын-сауық сауда кешенінің әкімшілігі түсінік беруге асығар емес.

Үш жасар Бекасыл ауруханада бірнеше күннен бері ем қабылдауда. Баланың үстіне құлаштай жарнамалық баннер құлаған. Дәрігерлер сәби айтарлықтай жарақат алған дейді. Ал, оның әкесі болса баласынан айырылып қала жаздағанын алға тартады.

«Ақша табады, біздің ақшамызға олар дамиды. Біз болсақ, соған әртүрлі жарақат аламыз да олар соған жауап бермейді. Бұл заңсыздық, оқиғадан кейін хабарласып кешірім де сұраған жоқ»,- деді Бекасыл Бақтыбайдың әкесі Есен Бақтыбай.

Ақ халаттылар Бекасылдың аяғы сыңғанын анықтаған. Енді ол кешенді емдеу курсынан өтуі тиіс. Ортан жілігі сынған, ұлға шұғыл түрде ота жасалған.

Тағы оқыңыздар: Егде жаста өмірді ұзартудың әдісі анықталды

«Ортан жілігі қиғаш ортасынан сынып кеткен. Сөйтіп ығысып кеткен, сонан кейін аяғына рентген түсіріліп баланы екпе дәрі арқылы ұйықтатып, аяғына әдейі тартатын құралдар жасалды. Қазіргі кезде баланың аяғы байланып, салмақ беріліп сонымен тартылып тұр»,- деді Қалалық балалар клиникалық ауруханасы травматология бөлімінің меңгерушісі, Бақыт Қожаханов.

Жарақат алған баланың ата-анасы полицейлерге арыз жазып, шағымданған. Енді аталған факті бойынша «Қауіпсіздік техникасын сақтамау» бабы бойынша қылмыстық істі қозғау мәселесі қаралып жатыр.

Сауда орталығының әкімшілігі болған жайтқа байланысты сұхбат беруден бас тартып отыр. Дегенмен, бала үстіне ауыр конструкция құлағаның мойындады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1553731-almatyda-zharnamanynh-kesirinen-ush-zhas.html