RU

Атырауда емшіге сенген әйел ауру баланы дүниеге әкелді

Атырау облысындағы Құрманғазы ауданында дәрігерлердің орнына емшіге емделген қыз ауру баланы дүниеге әкелген деп жазады Мой город сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Тұрғын жүкті екенін білген соң, дәрігерлерге емес Құлсарының халық емшісіне баруды жөн санаған.

"Емші қызды дәрумендерді қабылдаудан және дәрігерге қаралудан бас тартуға көндірген. Мейірбикелер келген кезде, ол үйінен қашып кетіп жүрген", –  дейді облыстық денсаулық басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиева.

Тағы оқыңыздар: Дәурен Абаев сәнді киінетін шенеуніктер арасында көш соңында қалып қойды

Қыздың баласы шала туылған, дәрігерлер оның жағдайы жақсарып кетер деп үміттеніп отыр.

Емшіге бес жасқа дейінгі және жүкті әйелдерді қабылдамау керек екені ескертілген, оның үстіне оның лицензиясы да болмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1553787-atyrauda-emshige-sengen-ayel-auru-bala.html