RU

Атышулы Төлешов салықшыларға 50 мың доллардай пара берген

Шымкентте Тоқтар Төлешов пен оның 8 сыбайласына қатысты алғашқы сот отырысы басталды деп хабарлайды NUR.KZ.

Тергеу амалдарына дейін үш сотталушы кінәларын мойындау туралы  процессуалдық келісімге келуге өтініш берген.

Тағы оқыңыздар: Ана тілін мазақ еткен қазақ әзілкештер әлеуметтік желіні шулатты (видео)

Өз кінәларын толық мойындағандар: Светлана Лукиный, "Шымкен сыра" зауытының бас есепшісі (салық төлеуден және басқа да ұйымдарға  бюджет төлемдерін төлеуден жалтарды деп айыпталған, сондай-ақ бірнеше рет ірі көлемде пара беру ісіне қатысы бар), есеп бөлімінің қызметкері Ольга Аллакулиева (салық төлеуден жалтарды деп айыпталуда), Еңбекші ауданы мемлекеттік кіріс департаментінің мәжбүрлеп өндіру бөлімінің бас маманы Мадияр Мусаев ( 200 доллар пара алды деп айыпталуда).

Барлық айыпталушылар өздеріне тағылған кінәмен келісті, сотқа дейінгі тергеу барысында оң куәлік беріп, қылмыстың ашылуына септіктерін тигізіп, өз істеріне өкініш білдірді.

Жалпы Тоқтар Төлешовке ондаған эпизод бойынша айып тағылып отыр.

"2011 мен 2015 жыл аралығында пайдакүнемдік үшін Тоқтар Төлешов экономика саласында қылмыстық тәртіп бұзушылық жасаған. Жекелікте, Төлешов өзінің қызметтік лауазымын асыра пайдаланып, "Шымкент сыра" зауының кассасынан 4 328 млн теңге алған.

Ары қарай, ол төмендетілген қолда бар кіріс мәліметімен декларация жасап, Төлешов салық төлемейтінін жасырған. Оның ішінде 2011 жылдың 1-ші қаңтарынан басталып 2015 жылдың 31-ші желтоқсанына дейін 1 271 793 432 теңге салық төлемеген (2016 жылдың 1-ші шілдесінен салық тексерісінің қортындысы бойынша).

Өзінің салықтық қулығын жасыру үшін Төлешов есеп бөлімі қызметкерлерімен Еңбекші ауданы салық басқармасының бөлімі мамандарына пара ұсынған.

Тағы оқыңыздар: Ақтауда әскери борышын өтеп жүрген сарбаз қашып кетті

Берілген параның жалпы құны 30 мың АҚШ долларын құрады. Қызметтік лауазымы мен дәрежесіне қарай фиксалды ұйымдардың шенеуніктері әр қызметкерге 200 доллардан, жалпы 33 мың АҚШ  долларын алған", - деп оқыды айыпты прокурор Жасұлан Әділбайұлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1553826-atyshuly-toleshov-salyqshylargha-50-mynh-dol.html