RU

Сүйіктісін қызғанған беделді адвокат бүкіл елге масқара болды

Лондондағы Мейфэр ауданында ішіп алған қызғаншақ заңгер сүйіктісінің бетіне түкіргені үшін бір жарым жыл шартты жаза алған деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Мэтт Оуэн, өз ортасында сыйлы заңгер. Оның жүріп жүрген қызы Рейчел Крофт-Робертс Лондон орталығындағы бес жұлдызды Brown қонақ үйінде туған күнін тойлап жатып, кетіп қалған. Куәгерлер ішіп алған Мэтт қыздың білегінен ұстап, басқа еркектердің көзінше оған айқайлап, бетіне бірнеше рет түкіргенін көрген.

Тағы оқыңыздар: Ана тілін мазақ еткен қазақ әзілкештері әлеуметтік желіні шулатты (видео)

Кейіннен Оуэн Рейчелдің бетіне түкіргені есінде жоқ екенін айтқан. Оның ісі жоғарғы адвокаттық трибуналға жеткен соң, жігітті жұмысынан шеттеткен.

Бойжеткен жігітпен жүрген үш ай уақыттың ішінде оның өзіне бірнеше рет қорқытқанын айтқан. Нәтижесінде өз кінәсін мойындаған жігітті шартты түрде 18 айға сотталып, 40 сағат тегін жұмыс істейтін болды.

Сонымен қатар оған 85 фунт көлемінде айыппұл салынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1553893-suyiktisin-qyzghanghan-bedeldi-advoka.html