Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда әскери борышын өтеп жүрген сарбаз қашып кетті

Опубликовано:

Ақтауда әскери бөлімшеден қашып кеткен сарбаз іздестіріліп жатыр, деп жазады "Ақтау-Лада" басылымына сілтеме жасап Sputnik Қазақстан.

Сарбазды іздеу сәрсенбі күні кештен бастап жүргізілуде. Қарағанды облысынан келген 21 жастағы жігіт өз бетімен рұқсатсыз кетіп қалған.

Ол емханаға тексерілуге жібергенін пайдаланып қашып кетіпті.

Тағы оқыңыздар: Димаштан озғым келеді: Витастың әнін шырқаған 12 жасар бала елді таңғалдырды (фото)

Сонымен бірге, сәрсенбі күні осы әскери бөлімшенің тағы бір сарбазына қатысты келеңсіз жайт болды. Жігіт қолын кесіп алып, ауруханаға жатқызылған.

Ауруханада хабарлағандай, сарбаз құлаған айнаны ұстап қаламын деп қолын кесіп алыпты. Абырой болғанда, күре тамырға тимеген екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1553916-aqtauda-askeri-boryshyn-otep-zhurgen-sa/

pixel