RU

Француз жазушысының жұмбақ өлімі оқырмандарын дүр сілкіндірді

Француз жазушысының өлімі оның болашақ кітабының кейіпкерінің өміріне ұқсайды. Жазушы Жан Мишель Ламбер өз пәтерінде өлі күйінде табылды деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Ер адамның басында галстукпен байланған пластик пакет болған. Полиция зорлау өлімінің белгілерін таппады.

Оның оқырманға енді жол тартпақшы болған соңғы романында кейіпкерлердің бірі дәл осындай өлімге барады. Оның үстіне кейіпкердің сыртқы келбеті Ламбердің өзіне қатты ұқсайтын.

Олардың атқаратын қызметтері де ұқсас: кітап кейіпкері — бұрынғы тергеуші, Ламбер —бұрынғы сот, фамилияларына келсек бірі Ламбер, екіншісі Шабер. Дегенмен ойдан алынған кейіпкер француз жазушысына қарағанда, өлім алды жазба қалдырған.

Тағы оқыңыздар: Әнші Бүркіттің сұлулығымен талайды тамсандырған қарындасы кім? (фото)

"Профессор Шабер өткен түні өз кабинетінде көз жұмды. Денесін оның әріптесі тапты. Басына пластик пакет кигізілген, креслоның аяқ жағында вискидің бос бөтелкесі болды. Оның шарасыз әрекетін түсіндіретін ол қалдырған жазба еді", - делінген қолжазбада.

Полиция жазушының жұмбақ өліміне қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1553969-francuz-zhazushysynynh-zhumbaq-olimi-oqy.html