RU

Жүргізушіге жұдырық жұмсаған полицей видеоға түсіп қалды (видео)

Тәртіп сақшысының жүргізушіге қол көтерген сәті түсірілген бейнежазба бірнеше күн бұрын YouTube желісінде жарық көрді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Полиция қызметкері әуелі жүргізушіні тоқтатып, кейін әңгіме барысында қол көтерген. Видеоға берілген жазба бойынша, телефонға зақым келгенімен, бейне материал сақталып қалыпты. Оқиға Зырян қаласында болды, дейді видео авторы.

Тағы оқыңыздар: Алматыда жарнаманың кесірінен үш жасар баланың ортан жілігі сынып кетті

Видеода жүргізуші көлігін тоқтатқан полицейге наразылық білдіріп, ереже бұзбағанын айтады. Ал полиция қызметкеріне өзін видеоға түсірген ұнамай қалса керек.

"Әкет андағыны!" – деп ол смартфон иесіне дауыс көтерді. Жүргізуші түсіруін тоқтатпай, көлікті тоқтату себебін сұрап жатқан. Сол кезде құқық қорғау органы қызметкері ашуына ие бола алмай, жұдырығымен бір ұрады да, түсірілім тоқтап қалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1553993-zhurgizushige-qol-kotergen-policey-vid.html