RU

Алматыда жарнаманың кесірінен үш жасар баланың ортан жілігі сынып кетті

Қаланың қақ ортасында орналасқан сауда орталықтарының бірінде төтенше жағдай орын алды. Үш жасар баланың үстіне жарнама қалқаны құлап, сәби жазым бола жаздады деп хабарлайды Алматы арнасы.

Үш жасар Бекасыл ауруханада бірнеше күннен бері ем қабылдауда. Баланың үстіне құлаштай жарнамалық баннер құлаған. Дәрігерлер сәби айтарлықтай жарақат алған дейді. Ал оның әкесі болса баласынан айырылып қала жаздағанын алға тартады.

«Ақша табады, біздің ақшамызға олар дамиды. Біз болсақ соған әртүрлі жарақат аламыз да олар соған жауап бермейді. Бұл заңсыздық, оқиғадан кейін хабарласып кешірімде сұраған жоқ», - деді Бекасыл Бақтыбайдың әкесі, Есен Бақтыбай.

Ақ халаттылар Бекасылдың аяғы сыңғаның анықтаған. Енді ол кешенді емдеу курсынан өтуі тиіс.

Үш жастағы Бекасыл Қалалық балалар ауруханасында жатыр. Ортан жілігі сынған, ұлға шұғыл түрде ота жасалған. Жанында ұлдың анасы да бар, бірақ көлеңкесінен қорыққан дәрігерлер түсірілім тобын ішке кіргізбек түгілі бізге сұхбат бермекші болған ұлдың анасын да шығармай қойды.

Тағы оқыңыздар: Жүргізушіге жұдырық жұмсаған полицей видеоға түсіп қалды (видео)

«Ортан жілігі қиғаш ортасынан сынып кеткен. Сөйтіп ығысып кеткен, сонан кейін аяғына рентген түсіріліп баланы екпе дәрі арқылы ұйықтатып, аяғына әдейі тартатын құралдар жасалды. Қазіргі кезде баланың аяғы байланып, салмақ беріліп сонымен тартылып тұр», - деді қалалық балалар клиникалық ауруханасы травматология бөлімінің меңгерушісі, Бақыт Қожаханов.

Жарақат алған баланың ата-анасы полицейлерге арыз жазып, шағымданған. Енді аталған факті бойынша «Қауіпсіздік техникасын сақтамау» бабы бойынша қылмыстық істі қозғау мәселесі қаралып жатыр.

«Сот медициналық сараптама міндетті түрде болып тағайындалады. Оның алған дене жарақаттарының ауырлық деңгейінің мақсатында. Сонан соң басқа да сараптамалық зерттеулер қылмыстық іс аясында жүргізіліп, тиісті процуалдық шешім қабылданатын болады», - деді ІІД ресми өкілі, Салтанат Әзірбек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1554036-almatyda-zharnamanynh-kesirinen-ush-zhas-2.html