Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев: Үй өзімдікі деме, үй сыртында бөрі бар

Опубликовано:

Бүгін мемлекеттік органдардың барлығы құрылды. Тәуелсіздік мықты болу үшін еш уақытта қол қусырып, тыныш жатпауымыз керек. Әр уақытта біздің елімізді, байлығымызды, тұрақтылығымызды, қызғанатын адамдар аз емес. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 25 жылдығына арналған мерекелік концертте елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.

«Елордамызды тұңғыш рет өзіміз таңдап, Сарыарқаның төсіне салдық. Төңірегіміздің барлығымен бейбітшілік жағдайында келіссөздеріміз бар. Көршілерімізбен достық пен сенім шекараларын орнаттық. Ал алыс елдермен де қарым-қатынасымыз жақсы. Саяси жағынан барлығын орнаттық. Дегенмен ел ел болу үшін тәуелсіздік мықты болу үшін еш уақытта қол қусырып, тыныш жатпауымыз керек», - деді ол.

Осы орайда Қазақстан президенті Ұлттық қауіпсіздік қызметкелеріне мемлекеттің тыныштығын одан әрі қырағы бақылауға шақырды.

Тағы оқыңыздар: ШҚО-да белгілі кәсіпкер президентке видеоүндеу жолдаған соң жоғалып кетті (видео)

«Үй өзімдікі деме, үй сыртында бөрі бар» деген қазақтың сөзі бар. Ол сіздер үшін айтылған. Әруақытта біздің елімізді, байлығымызды, тұрақтылығымызды, Қазақстанның бүкіл дүниежүзіндегі абыройын, беделін қызғанатын адамдар аз емес. Досымыз да көп. Жаманшылық ойлайтындары да бар. Өкінішке қарай, ішімізде де кездеседі. Сондықтан осының барлығы Конституциялық жүйемізді сақтау, мемлекеттің қауіпсіздігін қорғау, мемлекетті күшейту жолында жұмыс істеу, экономикалық, ішкі, сыртқы қауіпсіздік барлығы бірге жүреді», - деді ол.

Сөз соңында елбасы ҰҚҚ-ға ерекше сенім артатындығын атап өтті.

«Сондықтан мен комитет қызметкерлерінің барлығына сенемін. Жұмыстары алға жылжи берсін, өздеріне және жанұяларына ең ізгі тілектерді тілеймін», - деп түйіндеді сөзін Мемлекет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1554210-nazarbaev-uy-ozimdiki-deme-uy-syrtynd/

pixel