RU

Бизнесмен 30 метрден құлап, әйелінің көз алдында ажал құшты

Белгілі австралиялық бизнесмен Таиландта парасейлинг (арқанмен катерге бекітілген арнайы парашютпен әуеде қалықтау ) кезінде 30 метрден құлап өлді.

Роджер Джон Хассидің өмірінің соңғы секундтарын сол жерде болған әйелі видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Baq.kz шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Кадрдан 70 жастағы ер адамның арнайы парашютпен көкке көтерілгеніне қуанғанын байқауға болады. Алайда кенеттен арқан шешіліп кетіп, турист 30 метр биіктіктен құлады. Ер адам ауруханада көз жұмған.

Тағы оқыңыздар: Сегіз жасар қостанайлық балақай сыныптасын құтқарамын деп ажал құшқан

Полицейлер парасейлинг ұйымдастырушыларын бірден қамауға алды. Олардың айтуынша, ер адам арқанды шешіп жіберетін батырманы абайсызда басып қалған болуы мүмкін. Қазір істің мән-жайы тексеріліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1554318-tanymal-biznesmen-30-metrden-qulap-ayel.html