Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қатты өкінемін: Анасын атып өлтірген оқушы жантүршігерлік хат жазды

Опубликовано:

АҚШ-та 15 жастағы оқушы қыз туған анасын атып өлтіріп, артынша жантүршігерлік хат жазды. Бұл туралы NUR.KZ порталы Dni.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқушы қыз анасының жұмыстан қайтқан сәтін күтіп отырған. Кейін анасына бетін орамалмен жауып тұруын өтініп, басынан оқ атып жібереді.

Анасын өлтіргеннен кейін жасөспірім оны жақсы көретінін айтып, әлеуметтік желіде жантүршігерлік хатын жариялаған. 

Тағы оқыңыздарТалғат Мұсабаев сенат депутаты болып тағайындалды

"Қазір сен менің жанымдасың ба білмедім, алайда мені бақылап жүрсең, ең жақын досым екеніңді білгеніңді қалаймын. Мен жақсы қыз бола алмағаныма қатты өкінемін. Анашым, сені сүйетінімді білгеніңді қалаймын", - деп жазған жасөспірім анасын өлтіргеннен кейін.

Ол құрбысы Рейчел Хелмнен анасының мәйітін жасыруда көмек сұраған. Екеуі бірігіп, әйелдің мәйітін үйімен бірге өртеп жібереді. Көп ұзамай құрбысы қорыққаннан өз ата-анасына оқушының бар қылмысын жайып салған. Қатыгез қыз бала қамауға алынды.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1554400-qatty-okinemin-anasyn-atyp-oltirgen-o/

pixel