RU

Емші бала Ерболсын өзіне қаралған түркістандық жігіттің көз жұмғанын растады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елді алаңдатқан түркістандық жігіттің өліміне қатысты емші бала Ерболсынның анасы түсініктеме берді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілішісі.

«Айтылып жатқан әңгіменің барлығы балама жағылған күйе. «Ерболсынға барып қайтыс болыпты» деген әңгіме де өтірік. Оның өзі ісі бітіп тұрған адам. Дәрігер адамға «өлесің» деп айтпайды. «Дәріңді ішіп жат» деген. Ол кісі бізге келіп «жазылам ба?» деп сұрады. Балам өлетінін біліп тұрды, «өлесің» деп айта алмайды ғой. Дәрігерден үміті жоқ адам балама тыңдамай келді. Біз оған келме деп айта алмаймыз. Жан беру оңай емес. Ол бала ем іздеген. Бізге келгеннен кейін қайтыс болады. Оған Ерболсынның қатысы жоқ. Ерболсынға келіп қайтыс болған адамды естіген жоқпын. Ісі біткен адамдар болмаса балам адам өлтіріп жатқан жоқ. Түркістаннан келген ол жігіттің өлетінін балам маған айтты, «келме деп айта алмаймын» деді. Сондықтан бәрі өтірік әңгіме», - дейді Ерболсынның анасы Данагүл.

Тағы оқыңыздар: Екі аяғынан айырылған қыз қайғылы оқиғадан соң алғаш рет суретін көрсетті (фото)

Ерболсынның анасы көптің сөзіне көңіл аудармайтынын айтты. Елімізде соқыр сенімге сенетін адамдар көп болып шықты.

«Балама да адамдар емделуге өздері келеді. Ешкімді үйінен шақыртып жатқан жоқпыз. Бірінші балалы әйел, екінші мүгедек адам, одан кейін қалғандары кіреді деп айтамыз. Адамдар оны тыңдамайды. Бірін-бірі басып кіреді. Садақасын кейбіреуі береді, кейбірі бермей кетеді. Мен көзімнің қиығымен қарап отырамын. Автобустағы жол жүру билетін, картон тас тап кететін адамдар бар. Мен мұның барлығын шыққасын балама айтамын», - дейді анасы.

Еске сала кетейік, желі қолданушысы қатерлі ісікке шалдыққан туысқан ағасы емші бала Ерболсынға барғаннан кейін үш айдан соң көз жұмғанын хабарлаған еді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Емші бала Ерболсын өзіне қаралған түркістандық жігіттің көз жұмғанын растады
Mailfire view pixel