Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мейрамбек Беспаевтың танымал емші қызбен түскен суреті желіні шулатты (фото)

Опубликовано:

Желіде Мейрамбек Беспаевтың елімізге танымал сынықшы қыз Айнұр Асқарқызымен түскен суреті пайда болып, оны ел қызу талқыға салды. Оқырмандар бұл сурет үшін бір-бірімен қырық-пышақ болып ұрысты.

Танымал әнші Мейрамбек Беспаев қазақ эстрадасындағы ең сымбатты әнші ретінде танымал. Талай бойжеткен оны әдемі қоңыр үнін үшін ғана емес, сонымен бірге келбетіне бола жақсы көретін.

Сондықтан болар оның әр басқан қадамы мен өміріндегі кез келген өзгеріс елді қызықтырмай қоймайды. Әлеуметтік желідегі пабликтердің бірінде жарияланған бұл сурет елдің назарын өзіне аударды.

Олар бұл сурет үшін бір-бірімен дауласа жөнелді.

Тағы оқыңыздар: Емші бала Ерболсын түркістандық жігітті ажал күтіп тұрғанын білген (фото)

"Бұл қыздың ішінде қандай сезім билеп тұрғанын білмеймін, бірақ сырттан қарағанда ерсі көрініп тұр", "Мейрамбектей жігіттің қолынан ұстаған бұл қызда арман жоқ", "Бұл кісі жолдасы емес. Сынықшы Ақтау қаласыныкі", "Мейрамбектiң қасындағы кiм екен? Әдемi қыз", "Неге сіздер Маңғыстаудың Алланын берген қасиеті бар сынықшы, ұшық салып, дем салып емдейтін Айнұр Асқарқызын танымай, білмей тұрып, мазақ етесіз? Ол қыздың қасиеті бар, ол ақ жүрек. Онымен танысқан да, таныспаған да арманда", - деп жарыса жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1554564-meyrambek-bespaevtynh-tanymal-synyqsh/

pixel