RU

Астаналық бойжеткен халықаралық "Болашақ" орталығын сотқа бермекші

Астаналық "Болашақ" бағдарламасының түлегі Майгүл Садықова халықаралық бағдарлама орталығын сотқа бермекші. Бойжеткен бұл туралы өзінің Facebook парақшасында жазды деп хабарлайды NUR.KZ.

"Менің АҚШ-тағы оқудан оралғаныма 8 жылдан асты, ал олар болса әлі күнге дейін анамның Павлодар облысы, Ақсу қаласындағы үйін мүлік жауапкершілігінен алмайды. Себебі мен жылдар бойы дипломдағы "Әлеуметтік жұмыс" мамандығымен жұмыс істемеппін.

Иә, мен ЖШС-да аудармашы болып жұмыс істедім (менің алғашқы жұмысым), кейіннен өзімнің курсымды ашып, сабақ бердім (ЖК), әлі күнге дейін аудармамен айналысамын.

Сондай-ақ, бір уақыттарда ЕҰУ -да магистратура грантында өз мамандығыммен оқыдым.

Қай жерде жұмыс тауып істей алсам, сонда жүрдім. Әлеуметтік салада қанша іздесем де жұмыс таба алмағаным менің кінәм емес. Ең бастысы -елде 5 жыл жұмыс істеу", - деп жазады Майгүл Садықова.

Тағы оқыңыздар: Мейрамбек Беспаевтың танымал сынықшы қызбен түскен суреті желіні шулатты (фото)

Бойжеткен "Болашақ" тарапынан мамандық бойынша 5 жыл жұмысты талап еткендерін айтады.

"Ел бірде бір рет жұмысқа тұруға қолұшын созбастан, қысым көрсететін ұйым туралы білуі тиіс. Ал бәрі 5 жыл жұмыс істеуі тиіс деп 11 жыл бұрынғы шарттағыны талап етеді.

Сонымен қатар, мен курсымдағы мектеп оқушылары мен студенттерімді жұмылдырамын, менің жалға алған алаңымда қалай оқығандарын айтсын.

Тағы оқыңыздар: Екі аяғынан айырылған қыз қайғылы оқиғадан соң алғаш рет суретін көрсетті (фото)

ХБО туралы көптеген сыбыс бар: олар бірде бір ағылшын тілін білмейтін "байдың балаларын" мемлекет ақшасына жіберіп жатыр, мен өз көзіммен "байдың балалары" АҚШ-та қалай демалғандарының (оларға "қарапайым отбасының балаларына" қарағанда көп шәкіртақы төледі ма"соны анықтау керек) куәсімін. Бакалавриаттан кейін олардың кейбіреуін бірден магистратурада оқуға алып қалды, ал менің магистратурада 1-ші жыл оқуыма бірден бас тартылды", - дейді бойжеткен.

Майгүлдің жазбасына жедел түрде жауап берген "Болашақ" бағдарламалар  орталығының басшысы Жанболат Мелдешов департамент жұмысында қателік болғанын мойындады.

"Майгүл Садықованың шағымы бойынша, біз соғысты қаламаймыз. Департаментте түлектермен жұмыстың болмау кемшілігімен келісемін. Департамент директоры сәуір айының соңында өз қалауымен жұмыстан босатылды. Майгүлді орталыққа шақырдық. Қортындысын орталықтың сайтында жариялаймыз", -деп жазлды ол желідегі парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1554570-bolashaq-tulegi-khalyqaralyq-baghdarla.html