RU

99 пайыз қазақтар: ЭКСПО қонағы қазақтарға орысша сөйлейтін еріктілерді сынады (фото)

ЭКСПО көрмесіне келген қонақтарға «қалтқысыз» қызмет етіп жүрген еріктілер тек орысша сөйлеп, шетелдік туристер алдында елімізді ұятқа қалдырды» дейді өңірлерден келген қала қонақтары. Бұл туралы NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі хабарлайды.

Астанада ЭКСПО көрмесі басталғалы бері, шетелден келген туристер мен өңір тұрғындары көрме жайлы түрлі пікірлерін айтып, айтулы оқиғаға қатысты өз ойларын ортаға салуда. Бір қызығы, көрмеге тамашалауға келген меймандардың біразы ЭКСПО-ға қатысты оң пікір білдіріп жатса, енді бірі, керісінше, көрменің кемшін тұстарын да жайып салып жатыр.

Тағы оқыңыздар: Емші бала Ерболсын өзіне қаралған түркістандық жігіттің көз жұмғанын растады

Мәселен, Қарағанды облысының Абай ауданынан келген Мұратбек Ержанов есімді тұрғын, еріктілердің тек орысша сөйлейтінін айтып қынжылды.

«Астанаға осы ЭКСПО-ны тамашалау үшін келген едім. Сыртта көрмеге кірер тұста еріктілердің қолдарына дабылды алып, тек орыс тілінде сөйлеп жатқанын байқап қалдым. Көпшілігімен қазақша жөн сұрассаң да, орысша жауап беруге әуес. Тек «қазақша жауап берсеңіз қайтеді» десең ғана амалсыздан қазақша жауап береді. Көрмеге келген қонақтардың арасынан өзге ұлтты көрмедім, 99% қазақтар жүр. Шетелдіктердің алдында орысша сайрап жүргендері ұят қой, намыс қайда? Көрменің ішінде жүрген жапондықтар мен кәрістердің өзі қазақша сөйлеп жүр», - деп қынжылды тұрғын.

Еске сала кетейік, ЭКПО көрмесі 10 қыркүйекке дейін жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1554687-99-payyz-qazaqtar-ekspo-qonaghy-qazaqtar.html