RU

Алматыда көлігін бассейнге айналдырғандар желіні шулатты (видео)

Көлігінің артқы бөлігін суға толтырып, көше кезген жүгенсіз жүргізушіні полицейлер іздеп жатыр. 4 жігіттің пикаптың жүк салғышында демалып отырған видеосы ғаламторда таралып кеткен деп хабарлайды КТК арнасы.

Мұндай көріністі алматылықтар бұрын-соңды көрмеген. Сондықтан көлікті бассейнге айналдырып, көше кезген тентектердің әрекеті көпті таң қалдырды.  Тіпті, олар жүк салғышта суға шомылғанымен қоймай, суды әрі-бері шашып, көшенің бойында ойына келгенін істеген. Есесіне мұнысына өздері де, пикаптың жүргізушісі де дән риза.

Тағы оқыңыздар: Ақтөбелік кейуана ұлын тастап кетпек болған келінін сабап тастады

Жылжымалы бассейнде көңіл көтерген төртеудің бұл әрекетін жұрт қызу талқылап жатыр. Көбі мұны аптап ыстықтан қорғанудың амалы деп тауып, жігіттердің тапқырлығына тәнті болды. Енді бірі жол қозғалысына қауіп төндірген есерсоқтарды жерден алып, жерге салып жатыр.

Ал машинаны бассейнге айналдырған тентектер полицейлердің өзін таң қалдырған. Өйткені мұндай жағдай қалада бірінші рет тіркеліп отыр. Алайда заң бұзушылық үшін тек көліктің жүргізушісі жазаланады екен.

Онда да айыппұлмен құтылмақ. Ал жүк салғышта шомылғандарға заң бойынша жаза қарастырылмапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1554731-almatyda-koligin-basseynge-aynaldyr.html