RU

40 градус ыстықта мешіттің дәретханасын тазалайтын атыраулық жігіт елдің ықыласына бөленді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Атырау облысының бұрынғы бас имамы Амантай Сәдиев өңірде есінде қалған оқиғаны жамағатына уағыз қылып айтып жүр, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

- Атырауда бір жігіт болды. Үнемі арбасын сүйреп жүреді. Тапқан ақшасына аяқ киім тігетін заттарын сатып алған. Жігіт 40 градус күннің ыстығында, 30 градус аязда аяқ киім тігеді. Алақанының біз кірмеген, тесілмеген жері қалмаған. Кейбіреулер оның қолын ұстауға жиіркенеді. Бірақ сол қолдардың ақыретте қадірі жоғары. Алла тілі емес, қолы шебер адамды жақсы көреді, - деді жамағатқа әңгімесін айтқан Ақтөбе қалалық мешітінің бас имамы Амантай Сәдиев.

Тағы оқыңыздар: Дулат Исабеков: Президентке тек шындықты айттым, ол бәрін біледі

- Сол жігіт аптаның әр бейсенбісінде мешітке келеді. Оның садақаға беретін ақшасы да жоқ. Алты қызы бар. Жалдап тұратын бір бөлмелі үйінің жуынатын жері жоқ екен. "Үйге күнде 5-6 нан апарамын. Тамақ піскенше қыздарым нанды бөліп жеп қояды", - дейді ол.  Қиналып емес, күлімсіреп айтады. "Қыздарым нанды көп жейді" деп күліп отырады. Өзі қап-қара кісі. Хазірет Әли: «Сұлу адам үнемі жақсы болып тұрмайды. Жақсы адам үнемі сұлу болып көрінеді» дейді. Ана кісінің түрі мейірімді, сұлу көрінетін,- деді уағызын мысалмен жеткізген имам.

- Жаңағы жігіт бейсенбі күні құптан намазынан кейін 6 қызы мен әйелін мешітке алып келеді. Қыздары мен әйелі мешіттің әйелдер жағын, өзі ерлер жағын жуып, жұмаға дайындайды. 1-2 сағаттан кейін келіп жайлап есік қағады. Амандасады, басын көтеріп, көзіңе тіке қараған емес. «Дәретхананы тазалып қойдық. Сізден өтініш, біздің үйде жуынатын жер жоқ, шомылып алайықшы» деп сұрайды. Атыраудағы дәретхана екі қатарлы. Сол мешітті қазіргі Алматы мешітінің бас имамы салған. Барлық жағдай жасалынған. Жаңағы кісі сонда шомылып, рахметін айтып кетеді, - дейді Садиев тыңдаушыларына иманды жігіттің әрекетін үлгі етіп.

Тағы оқыңыздар: Экс-мәжілісмен Астананың адам шошырлық келбетін көрсетті (фото)

- Ол кісіні шақырып алып: «Келесіде дәретхананы тазаламай- ақ қойыңыз, жуына беріңіз» дедім. Сонда ана жігіт: «Менің 6 қызым, әйелім, өзіммен 8 адам шомыламыз. Мешіттің суын пайдаландық. Қияметті сол судық хақысын сұрамау үшін мешіттің дәретханасын тазалаймын» деді. Шығып бара жатып мешіттің қол жуатын жеріне жаңа сабынды ашып қойып кетеді. «Қайтесің, оның орнына 150 теңгеге нан алып, қыздарыңа апармайсың ба» деймін. «Жоқ. Мен қойған сабынмен ертең жұмада мыңдаған адам қолдарын жуады. Ол қолдардан нәжіс ағып түскенде менің жүрегімдегі нәжіс ағып каффарат (орнын толықтыру) өтей ме деген үмітім бар» дейді. Міне! ,- деп дін қызметкері өзі куә болған жағдайды жамағатқа баяндап берді.

Атырау облысының бұрынғы имамы Амантай Сәдиевтың айтуынша, етікші жігіттің өмірі жұмадағы уағыз кезінде мешітке жиналған жамағатқа баяндалған. Жігіттің әрекетіне риза болған көпшілік оған көмек қолдарын созған. Имамның айтуынша, бүгінде жігіттің тұрмысы түзелген.

 

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
40 градус ыстықта мешіттің дәретханасын тазалайтын атыраулық жігіт елдің ықыласына бөленді
Mailfire view pixel