RU

БҚО-да 101 миллион теңге пара алды деген күдікпен лауазымды шенді ұсталды (видео)

Оралда ірі көлемде пара алды деген күдікпен бөлім басшысы ұсталды деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

13 шілдеде жалған кәсіпкерлік бойынша қылмыстық істі тоқтатып,  әрі қарай қолдау көрсеткені үшін 25 миллион теңге көлемінде пара алған БҚО бойынша МКД ЭТҚ Қаржы саласындағы құқық бұзушылықты тергеу басқармасы Заңсыз ұйымдарды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бөлімінің басшысы Нұрболат Ұрналиев тұтқындалған.

Параның жалпы көлемі 101 миллион теңгені құрап отыр.

Тағы оқыңыздар: Дулат Исабеков: Президентке тек шындықты айттым, ол бәрін біледі

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1555008-bqo-da-101-million-tenhge-para-aldy-degen-k.html