RU

Әзірбайжан президенті қоластындағы генералды бұзақы ұлы үшін қызметінен қуды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мемлекеттік мобилизация және азаматтарды әскери қызметке шақыру басшысының орынбасары Новрузали Оруджев бұзақы баласының кесірінен  қызметінен босатылды. Аталған бұйрыққа Әзірбайжан президенті Ильхав Алиев қол қойды деп хабарлайды haqqin.az сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Генералдың қызметінен кетуі жолда жүру ережесін бұзып, №8 автобус жүргізушісі Санан Самедовты ұрған туған ұлы Рустам Оруджевтің қамалуынан кейін орын алған.

Автобус жүргізушісінің қарсылық білдірген жауабы үшін Рустам Оруджев жолаушылардың көзінше оны ұра бастаған.

Тағы оқыңыздар: Дулат Исабеков: Президентке тек шындықты айттым, ол бәрін біледі

Жоғары лауазымды шенеуніктің баласының заң бұзушылығы бірнеше рет орын алған.

2014  жылы Р.Оруджев жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Кейіннен оны 4 жылға бас бостандығынан айырған. Жазасының үштен бір бөлігін өтеген соң, Р.Оруджев мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Әзірбайжан президенті қоластындағы генералды бұзақы ұлы үшін қызметінен қуды
Mailfire view pixel