RU

АҚШ-та жасы 70-тен асқан жезөкше әйелдер тұтқындалды (фото)

АҚШ-тағы Техас штатының Даллас полициясы 48 бен 73 жас аралығындағы 15 жезөкшені тұтқындаған. Олардың барлығы массаж салонында жұмыс істеп, тұтынушыларына сексуалды қызмет көрсеткен деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасап NUR.KZ. 

15 жезөкшенің ішіндегі ең жасы жақында 48-ге толған.

Тағы оқыңыздар: Салтанат Бақаеваның өзінен айнымайтын әпкесі сұлулығымен елді таңғалдырды (фото)

Жасырын бордельдің иесі 64 жастағы Конни Су Мозер болып шықты. Енді ол сексуалды зорлық көрсетті деген бірнеше ұйымның шағымы бойынша қамауға алынды. Оның үстіне Мозер қамауға алынған 15 жезөкшенің қатарында бар.

Үй ішін тінту кезінде 64 жастағы жеңіл жүрісті әйелден қолма-қол 420 мың доллар табылған, шамамен 70 мың Мозердің жеке есепшотында жатқан. Енді ол 250 мың доллар айыппұл төлеп, бес жыл түрмеге отыруы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1555054-policiya-73-zhastaghy-zhezokshelerdi-tutqyn.html