Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда 13 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскен азамат сот алдына келді

Опубликовано:

Қостанайда 13 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскен 19 жастағы жігіттің ісіне қатысты үкім шықты. Қылмыстық іс облыстық мамандандырылған ауданаралық сотта қаралып, күдікті 10 жылға сотталды, деп хабарлайды Baq.kz.

«Сотталған жігіт 13 жастағы қызбен бірнеше рет кездескен. Олардың арасында жыныстық қатынас болғаны толығымен дәлелденді. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын қалалық ІІБ тергеушілері жүргізді», – дейді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Тағы оқыңыздар: Ақтөбе тұрғыны абақтыда көріп жатқан қысым туралы хат жазып, жанайқайын айтты

«Сот отырысы барысында сотталушыға Қылмыстық кодекстің «16 жасқа толмаған тұлғамен бірнеше рет жыныстық қатынысқа түсу» бабы бойынша айып тағылды. Кәмелеттік жасқа толмай осындай сорақылықты бастан өткізген жасөспірімнің жан-дүниесі де күйзеліске ұшырайды. Оның үстіне бұл әркет бірнеше рет қайталанып тұр. Бұл өте ауыр қылмыстардың қатарына жатады. Сондықтан да оған қатал жаза қарастырылған. Сотта 19 жастағы Қостанай қаласының тұрғыны жасаған әрекеті үшін айыпты деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», – дейді облыстық прокуратураның басқарма бастығы Қайрат Жүсіпов.

Сондай-ақ, сотталушыға өмір бойы ұзтаздық және балалар тәрбиесіне қатысты қызметтер атқаруға тыйым салынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1555158-qostanayda-13-zhastaghy-qyzben-zhynystyq-q/

pixel