RU

Көлік қағып көз жұмған қыздың әпкесі қазақстандықтардан көмек сұрады

Ақтөбе қаласында көлік қаққан соң көз жұмған 19 жастағы қыздың әпкесі жантүргішерлік жол апатының куәгерлерінен көмек сұрады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Бойжеткен  Facebook парақшасында отбасы мен өзіне көмек көрсеткендерге алғыс білдірді.

"Сюзанна әлемдегі ең жақсы сіңлі болды. Ол өте көңілді, ашық, мейірімді, өмірді сүйетін қыз еді", - деп жазды ол.

Ол ешкімнің адамдарды қасақана көлікпен қақпайтынын түсінетінін айтты.

Тағы оқыңыздар: Өмір бойы тісін жумаған жігіт ел-жұртпен араласудан қалған (фото)

"Бірақ, менің анам мәйітхананың қортындысын оқығанда: "Қалай? Бұл мүмкін бе? Менің қызымның бас сүйегі мыжылып, денесінің сау-тамтығы жоқ болып, өмір сүруге бірде-бір мүмкіндігі қалмайтындай онда не болды", - деп қатты таңғалды", - деп жазады марқұмның әпкесі.

Екатерина видеоны Youtube-тен қарап, кроссовердің кірпішті тіреуіштер қақпасынан ұшып өткенін көрген.

Бойжеткен көлік апатын көзімен көрген куәгерлер бар болса, өзіне хабарласуды өтінді. 

"Бұл жантүршігерлік жол апатын көрген жандар, куәгерлер болса, бей-жай қалмаңыздаршы. Сол сәтте жолда болған жүргізушілер, мүмкін сіздің видеотіркеушіңіз болған оқиғаны түсіріп алған шығар? Байланыс нөмірлері: +77016432329, +77756344400. P.S. Қайғылы оқиға орнынан фото немесе видеосы сақталған адамдар болса: info@toykazan.kz почтасына жіберсеңіздер", - деп жазған ақтөбелік тұрғын.

Еске салайық, Ақтөбедегі президент паркінде жетінші маусым күні адам өліміне апарған көлік апаты орын алды. Тас жолдан шығып кеткен кроссовер бір топ адамға барып соқтығысып, салдарынан бойжеткен көз жұмды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1555248-kolik-qaghyp-koz-zhumghan-qyzdynh-apkesi-q.html