RU

Жамбыл облысында дәретханадан құтқарылған қызды жаңа отбасы асырап алды

Жамбыл облысында анасы тасжолдағы дәретханаға тастап кеткен қызды туыстары асырап алды деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Жамбыл облысы Тұрар Рұсқұлов ауданы әкімінің жарлығымен 21 маусымда Жансая Мәжіғұлованы нағашы ағасы асырап алды", - делінген Тараз қаласы білім басқармасының хабарламасында.

Тағы оқыңыздар: Өмір бойы тісін жумаған жігіт ел-жұртпен араласудан қалған (фото)

Ал Жамбыл облысының ювенал соты олардың анасын ата-ана құқығынан айырған болатын.

2016 жылдың 3 қаңтарында Жансаяны Жамбыл облысы Абай ауылына жақын жерде анасы тастап кеткен болатын. Нәресте жүргізушілер оны тауып алғанша дәретханада екі сағаттай жатқан. Нәрестені ол жерден құтқарушылар алып шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1555266-zhambyl-oblysynda-daretkhanadan-qutqa.html