RU

Астанадағы ауқаттылар тұратын үйден өрт шығып, 4 адам көз жұмды

Астанада Highvill тұрғын үйінде шыққан өрт салдарынан төрт адам иіс тиіп, көз жұмды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл ақпаратты ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.

Тағы оқыңыздар: Жамбыл облысында дәретханадан құтқарылған қызды жаңа отбасы асырап алды

"14 шілде  05 сағат 06 минут кезінде 24 қабатты Highvill тұрғын үйінің тоғызыншы қабатында түтін шығып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Жалпы аумағы 65 шаршы метр жерде жиһаз, тұрмыстық техника мен үйдегі заттар өртенген", - деп хабарлады Иманқұлов.

Өрт салдарынан төрт адам иіс тиіп өлген, оның екеуі бала.

Оқиға орнына биік ғимараттарда шыққан өртті сөндіретін техника мен 25 адам жұмылдырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1555304-astanadaghy-auqattylar-turatyn-uyden.html