RU

Бесінші рет қатарынан қызды болатынына ренжіген азамат жылап қалды (видео)

Әлеуметтік желіде бесінші рет қатарынан қызды болатынына ренжіп, жылап қалған азамат жұлдыз болуда деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Видеода ер адамның төрт қызы қолына тәттілер алып отырғаны байқалады. Дәстүр бойынша аспаздар арнайы әзірлеген тәттінің түсі құрсақтағы баланың жынысы туралы ақпарат береді.

Тағы оқыңыздар: Астанадағы ауқаттылар тұратын үйден өрт шығып, 4 адам көз жұмды

Егер тәтті қызғылт түстес болса, құрсақта қыз бала деген сөз. Қызды болатынын ұққан азаматтың көңіл-күйі түсіп кеткені соншалық, ол үйіндегі бассейнге секіріп, жылауға кіріседі.

Желі қолданушылары азаматтың әлі де ұлды бола алатынын жарыса жазып, ер адамды сабырға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1555340-besinshi-ret-qatarynan-qyzdy-bolatyny.html