RU

Таразда Қадір түнін қарсы алуға кеткен жігіттің жұмбақ өлімі қаланы дүрліктірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Таразда небәрі 17 жастағы оқушы Қадір түнінде мешітке кетіп, үйіне тірі оралмады деп хабарлайды NUR.KZ.

Портал редакциясына хабарласқан марқұмның туыстары ұлдарының өз-өзіне қол жұмсағанына сенбей отыр.

Аяқ астынан бауырынан айырылып қалған Назым Абаеваның айтуынша, 21 маусымнан 22 маусымға қараған түні Саят Шекербеков достарымен бірге орталық мешітке кеткен. Алайда ол ертеңіне үйіне келмепті. Оны мәйітханадан тапты.

Марқұмның жақын туысының сөзінше, Саяттың достары оның өліміне қатысты біраз нәрсені жасырып отыр.

«Бізге полиция Саятты «Орталық мешіттің жанындағы құрылысы тоқтап тұрған көп қабатты ғимараттың жетінші қабатынан секіріп кетіп, қаза тапты, суицид жасады», - деп мәлімдеді. Бірақ оның жанында бірге достары да болды ғой. Егер секірсе, бірден полициямен бірге жедел жәрдемді неге шақырмады? Сол күні таңертең Саятты іздеп, досына хабарласып едік, ол өзінің ұйықтап жатқанын айтып, кейінірек хабарласуымызды өтінді. Досы өлім құшса, олардыкі не деген ұйқы? Олардың полицияға айтпай отырған біраз былықтары бар. Немесе олар тергеушімен келісіп алған», - деп топшылайды Назым Абаева.

Ол Саятты біреулер қасақана өлтірді дегенді алға тартады. Назымның сөзінше, Саяттың денесін темір не болмаса қатты затпен ұрған. Өйткені, көгерген белгілер бар.

Сондай-ақ, Саяттың туыстары бұл істі ішкі істер органы жылы жауып қоя сала ма деп күдіктенеді. Назым Абаева тергеушіден еш хабар ала алмай отырғанын жеткізді.

Бұл жайтқа қатысты Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісінің сауалына жауап берді.

Жамбыл облыстық ІІД криминалды полиция басқармасының басшысы Бектұрғанов мырзаның мәлімдеуінше, 22 маусымда Тараз қаласы ішкі істер басқармасының жедел басқару орталығына Королев көшесінің бойындағы құрылысы бітпеген ғимараттан 18-20 жастағы сырт келбеті азиаттық ер баланың құлап кеткені жөнінде хабар келіп түсті.  

Тағы оқыңыздар: ШҚО тұрғыны жеті жасар қызын зорлаушыны жақтап шықты

Оқиға жайлы хабарлаған күзетшінің полицияға мәлімдеуінше, таңғы 05:30-да оның жұмыс орнына бұрын өзі көрмеген үш жігіт жүгіріп келіп, салынып бітпеген ғимараттан ер адамның құлап кеткенін және оның ес-түзсіз жатқанын айтқан. Күзетші олармен бірге осы айтқан сөздерін тексеру үшін оқиға орнына барған. Оның растығына көзі жеткен күзетші полицияға хабарлайды.

Тағы оқыңыздар: Ерекше мүсінді бойжеткен милиондаған жігіттің арманына айналды (фото)

Бұл жайт бірыңғай соталды тергеу реестрінде қылмыстық кодекстің кісі өлімі бабы бойынша тіркелді.

Марқұмның достары сол түні Қадір түнін орталық мешітте қарсы алу үшін жиналғанын айтты. Таңғы бестерде, таң намазынан соң, мешіттен шығып, құрылысы бітпеген ғимарат жаққа қарай барған. Содан соң, олар алтыншы қабатқа дейін баспалдақпен көтеріліп, жетінші қабатқа баспалдықтың сүйеуішімен шыққан. Сол жерде 30 минуттай жүріп, қайта төменге түсе бастаған.

Жауап алынғандардың біреуінің айтуынша, сол уақытта олар гүрс еткен дыбысты естіпті. Төменге қараса, құлаған Саят Шекербеков екен. Осыдан соң, олар бірінші кездескен адамы – күзетшіден көмек сұраған.

Аталған дерек бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Соталды тергеу жүргізілуде.

Бұл қылмыстық іс Жамбыл облыстық ішкі істер департаменті басшылығының бақылауында тұр.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Таразда Қадір түнін қарсы алуға кеткен жігіттің жұмбақ өлімі қаланы дүрліктірді
Mailfire view pixel