RU

Отандық миллионердің қызын алған әнші ертегідей мекенде бал айын өткізуде (фото)

Таяуда ғана дүркіретіп тойын жасап, құсын қолына қондырған Шоқан Маратұлы жұбайымен бірге саяхаттап жүр. Әнел Баталова екеуінің сапарлары Карловы Варыдан басталды деп хабарлайды НТК арнасының "Ревю" бағдарламасы.

Бұрынғы әлеуметтік желілердің белсендісі Шоқан Маратұлы, шаңырақ көтергелі парақшасына сурет жүктеуді сиреткен.  Уақытының басым бөлігін сүйіктісі – Әнел Баталоваға арнауды жөн санаған болар.

Ғашықтардың бал айы тура отыз күнге созылмақ. Әуелі жас жұбайлар махаббат мекені – Карловы Варыға табан тіреді. Әсем Тепла өзеніне барып, Чехияның көрікті мекендерін аралаған соң, олар жергілікті асханадан дәм татты.

Шоқан мен Әнелге қарағанда бұрынғы "Аюми" тобының әншісі Айдана мен Әнуар Маликтің бал айлары небәрі 10 күнге жалғасады. Бірнеше бизнестің құлағын ұстаған күйеу жігіттің жеке демалысқа арналған уақыты шектеулі сынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1555417-otandyq-millionerdinh-qyzyn-alghan-ansh.html