Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дін істері министрі: Теке сақал мен қырма мұрт елдің түбіне жетеді

Опубликовано:

Заң жобасында қоғамдық жерлерде адамның бет-келбетін жабатын, жасыратын киімдерді киюге заңмен тыйым салу ұсынылады. Бұл туралы Атырау қаласында өткен өңірлік семинарда Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді деп хабарлайды BAQ.kz.

«Қыздардың беттерін тұмшалап қара көйлек киюі дәстүрімізге де, ұлтымызға да жат нәрсе. Бұл біздің сана-сезімімізге де, заманауи дамыған елдің қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік талаптарына да сәйкес келмейді. Бұл Таяу Шығыс елдерінің сол аймақтың ауа-райы мен тұрғындарының мәдени-тарихи әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрінен туындаған әйелдердің дәстүрлі киімі болып табылады», - деп атап өтті министр.

Министр қазақ ұлттық мәдениетіне, тарихы мен салт-дәстүріне қарайтын болсақ, қазақ қыздары мен әйелдерінің бет тұмшалаған қара киім кимегенін нақты айтты.

Тағы оқыңыздар: Бейтаныс жандар арасынан "егізін" тапқан он адам (фото)

«Нағыз мұсылман киген киімінен не сақал қоюымен емес, жүрегіндегі ішкі жан дүниесімен танылады. Теке сақал мен қара киімдер – ол үлкен проблеманың бір ғана бөлігі. Бұл жерде кез-келген дәстүрлі сақал қоюды айтпаймыз», - деді Ермекбаев.

Тағы оқыңыздар: Әлем елдеріндегі балалардың өмірі қалай өтіп жатыр?

«Өзіңді өсірген, медицина және баспанамен қамтамасыз еткен, сыртқы және ішкі қауіп-қатерлерден қорғаған мемлекеттің қағидаттарымен келіспеушілігіңді ашық түрде көрсету қайырымсыздықтың ең жоғары сатысы деп есептеймін. Ал қайырымсыздық барлық діндерде үлкен күнә. Діні бар да, ұлты жоқ, сақалы бар да, мұрты жоқ. Теке сақал, қырма мұрт, елдің түбіне сол жетер», - деген Мәшһүр Жүсіптің бей берекет, күректей сақал туралы өлең жолдарымен түйіндеді сөзін министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1555499-din-isteri-ministri-teke-saqal-men-qyr/

pixel