RU

Бойжеткен сериалдың арқасында әкесін құтқарып қалды

Италияда 18 жастағы бойжеткен "Анатомия страсти" атты сериалды тамашалаудың арқасында әкесінің өмірін құтқарып қалды. Бұл туралы NUR.KZ порталы Life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

54 жастағы ер адам аяқ асты инфаркт алған. Мұны көрген әйелі не істерін білмей, көмекке қызын шақырады.

Тағы оқыңыздар: Дін істері министрі: Теке сақал мен қырма мұрт елдің түбіне жетеді

Бойжеткен бірден жедел жәрдем шақырып, диспетчердің нұсқаулығымен әкесіне алғашқы көмек көрсете бастайды. Ол ес-түзсіз жатқан әкесінің жүрек тұсына массаж жасап, жүрегін қайта соқтырған.

Бойжеткен бұған дейін "Анатомия страсти" телехикаясынан алғашқы көмекті қалай көрсету керектігін тамашалағанын жасырмады. Бұл оған көмекті дұрыс көрсетуге септік болыпты.

Қыздың әкесі бірнеше күннен кейін оңалып, емханадан шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1555533-boyzhetken-serialdynh-arqasynda-akesi.html