RU

Астана караокесінде жүрген Кончита Вурст жұрттың таңданысын тудырды (фото)

Кончита Вурст Астанадағы караокелердің біріне келіп, тұрғындарды аң-таң етті. Қалада сақалды әйел келетінін ешкім күтпеген болатын деп хабарлайды NUR.KZ.

Арнайы Кончита үшін караокені бір сағатқа өзге келушілер үшін жабық еткен. Евровидение байқауының жеңімпазы бір топ күзетшісімен келді.

Ол ешбір БАҚ көзі бұл туралы білмеуі керек деген шарт қойған. Алайда караокеге келушілердің бірі оны астыртын суретке түсіріп, фотосын желіге таратып жібереді. Сурет Instagram желісінің v_astane парақшасында пайда болды.

«Біз Кончитаны караокеде тегін демалуға шақырдық. Ол үстелде жалғыз отырып, бір-екі әнін орындады. Dom Perignon атты ең қымбат 120 000 теңгелік аққайнар ішіп, балық жеді. Кейін кетіп қалды. Ол барлығы 136 000 теңгеге тамақтанды», - дейді караокенің басқарушы директоры.

Еске салсақ, бұған дейін NUR.KZ порталы бірінші сәуір күні Кончита Вурст елімізде Астана күніне орай жеке концертін өткізетіні туралы әзіл аралас материал жариялаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1555634-astana-karaokesinde-zhurgen-konchita-v.html