RU

Жантүршігерлік қантөгіс: Бір үйден табылған 11 адамның мәйіті тұрғындарды дүр сілкіндірді (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мексикада жантүршігерлік қантөгіс орын алды. Бір үйден табылған 11 адамның мәйіті тұрғындарды дүр сілкіндірді деп хабарлайды КТК арнасы.

Қаза тапқандардың барлығы дерлік кішкентай баланың туған күніне жиналған қонақтар болып шықты. Қарақшылар балаларға тиіспеген. Тек үй иесі мен ересектерді бауыздаған.

Полицияның айтуынша, туған күн тойлаған отбасының жергілікті есірткі саудагерлерімен байланысы болған. Жантүршігерлік қылмысты солар жасаған болуы мүмкін. Ал үйдің ішінде балалар да болғандықтан, қаскөйлер атыс қаруын емес, пышақ қолданған көрінеді.

 

Тағы оқыңыздар: Астанадағы өрттен Назарбаев Университетінің профессоры қаза болды

Жалпы, Мексикада соңғы кездері наркобарондардың өзара қақтығысы жиілеп кеткен. Осындай есеп айырысулардың соңынан соңғы бір айда ғана 2 мыңнан астам адам бақилық болған.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жантүршігерлік қантөгіс: Бір үйден табылған 11 адамның мәйіті тұрғындарды дүр сілкіндірді (фото)
Mailfire view pixel