RU

Шетелде хал үстінде жатқан қазақ әйелін Испаниядан қуып шығуы мүмкін

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Сақтандыру компаниясынан өтемақы ала алмаған Күлпаш Хасанова жат жұртта тағы бір қиындыққа тап болды. Испаниядағы ауруханада хәл үстінде жатқан отандасымызды осы елден қуып шығуы мүмкін деп хабарлайды КТК арнасы.

Енді визаға қатысты түйткіл туындады. Науқас ауруханаға қыруар ақша қарыз болғандықтан, испаниялықтар оның уақытын ұзартудан бас тартқан. Тіпті, оның ауыр хәліне қарамастан, елден қуып шығуға мәжбүр болмақ. Ал Хасанованың жақындары еліміздің сыртқы істер министрлігінен араша сұрап отыр.

Қазақстандық туристің қазіргі жағдайын испаниялық дәрігерлер тұрақты дейді.

Десе де, Күлпаш Хасанова есін жиғанымен, әрі-бері қозғала алмайды. Ал денсаулығы жақсарғаннан кейін операция жасау керек. Бірақ соған қарамастан испаниялықтар оны елден қуып шықпақ екен.

Тағы оқыңыздар: Әлемдегі ең әдемі бортсерік қыздар кімдер?

"Біздің виза 14 күнге ғана жарамды. Яғни, тек шілденің он тоғызына дейін алынған. Ал мұндағылар оның уақытын ұзартудан бас тартуда. Себебі, ол үшін ауруханадағы шығынның өтелетіні туралы кепілдік керек. Ал анам сақтандырылған «Interteach» компаниясының ондай қағазды бермесі анық", - дейді Күлпаш Хасанованың қызы Әлия Хасанова.

60 жастағы әйелдің жол жүруіне қатаң тыйым салынған. Өйткені Хасанова бірнеше рет инфаркт болыпты. Ал өзі мұны алдын-ала сезсе керек, жол жүрмес бұрын денсаулығын сақтандырған екен. Бірақ, одан еш көмек болмай, қазір Испаниядағы жекеменшік ауруханада жатыр. Тіпті, сақтандыру полисін берген «Interteach» компаниясы ем-домның шығынын төлеуден де бас тартты. Сондықтан, қазір олар қарызға белшеден батқан. Міне, соның кесірінен ауру әйел Испаниядан мәжбүрлі түрде шығарылмақ.

"Полицейлер мәселені Қазақстан елшілігі арқылы шешуге болатынын айтты. Ол үшін елшілік сақтандыру компаниясының орнына аурухана қарызының төленетіні туралы жазбаша кепілдік беруі тиіс. Бірақ, олар да көмектесуден бас тартты", - дейді Әлия Хасанова.

Тағы оқыңыздар: Жантүршігерлік қантөгіс: Бір үйден табылған 11 адамның мәйіті тұрғындарды дүр сілкіндірді (фото)

Дегенмен, сыртқы істер министрлігіндегілер отандасымызды далада қалдырмаймыз деп сендірді. Қазір олар мәселені шешу үшін жұмыс істеп жатыр екен.

"Испаниядағы консулымыз осы елдің көші -қон полициясына нота жіберді. Сол арқылы біздің азаматтардың визасының уақытын ұзарту туралы өтініш жасады", - дейді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Әнуар Жайнақов.

Сақтандыру компаниясы болса, бұған дейін қарияның дерті сақтандыруға жататын аурулардың тізіміне кіру-кермеуін тексеріп жатқанын айтқан еді. Ал бүгін мәселе Хасанова елге келгеннен кейін шешіледі деп мәлімдеді. Соған қарағанда, ауруханада жиналған қыруар ақшаны науқастың жақындарының төлеуіне тура келетін сыңайлы.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Шетелде хал үстінде жатқан қазақ әйелін Испаниядан қуып шығуы мүмкін
Mailfire view pixel