RU

Қостанай облысында әкімдіктің маңдайшасына ілінген жыртық ту тұрғындардың ашуын келтірді (фото)

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Тәгіл ауылының әкімдігіне ілінген көк ту сетінеп кеткен. Ауыл тұрғындары жыртық тудың желбіреп тұрғанына көп болғанын айтады деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Ауылды аралатып жүрген ауыл әкіміне су тартып жатқан құрылысшылар әкімдік туының жыртылып қалғанын айтты. Мұнда тұрған ешнәрсе жоқ екенін айтқан ауыл әкімі сасқан жоқ.

«Әкімдіктің туы ескі. Енді далада тұрғасын жыртылады. Ештеңе етпейді. Қазір ауылға су тартып қол тимей жатыр. Алдағы уақытта ауыстыратын боламыз»,- деді ентіккен Тегіл ауылының әкімі Сағымбай Сүндеталин.

Тағы оқыңыздар: Шетелде хал үстінде жатқан қазақ әйелін Испаниядан қуып шығуы мүмкін

Топырағы құнарлы, табиғаты әсем егіздер туылатын ауылға көп өзгерістер керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1555743-qostanay-oblysyna-qarasty-auyldyq-ak.html