RU

Жол ережесіндегі өзгеріс: Жүргізушілерге салынатын айыппұл мөлшері азайды

Дүйсенбіден бастап жаңа жол ережелері күшіне енеді. Бұдан былай жол инспекторының рұқсатынсыз оның әрекетін видеоға түсіруге болады деп хабарлайды Еуразия арнасы.

Сондай-ақ, сіздің ереже бұзғаныңыз бейнежазба құралына, немесе радарға жазылса, полиция қызметкері алдымен оны жүргізушіге көрсетуі керек. Жол қозғалысы туралы заңға 50-ден аса өзгеріс енгізілді.

3 шілдеде мемлекет басшысы Жол қозғалысы мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды. Ол құжат ертеңнен бастап күшіне енеді. Жаңа ережеде жаңалық көп. Мәселен, мерзімі өткен жүргізуші куәлігін қайтадан алу үшін бұрынғыдай емтихан тапсырмайсыз. Сондай-ақ, көлігіңізді тоқтатқан кезде жол инспекторларының әрекетін видеоға түсіруге құқыңыз бар. Дегенмен, кейбір ережер қатаңдатылды.

Тағы оқыңыздар: Билік басын ауыртпайды: Ақтөбе облысындағы мұнайлы ауылдың әйелдері бала туудан бас тартуда (фото)

«Көлік құралын мас күйде басқарғаны үшін мүгедектерді көлiк құралдарын басқару құқығынан 3 жылға айыру түріндегі әкімшілік жауапкершілік енгізілді. Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамағаны үшін айыппұл мөлшері 5-тен бастап 3 айлық есептік көрсеткішке қысқартылды. Масаң күйін куәландырудан өтуден бас тартқан үшін жүргізуші куәлігінен айыру мерзімі 2 жылдан 3 жылға дейін көбейтілді» - Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитетінің бөлім басшысы Нұрсейіт Әбішев.

Тағы бір өзгеріс. Көлігіңізді тоқтатқан кезде жол-патрульдік полиция қызметкерлері қасыңызға келіп, өзін таныстырған соң, не үшін тоқтатқанын түсіндіру керек. Сіздің ереже бұзғаныңыз бейнежазба құралына, немесе радарға жазылса, полиция қызметкері алдымен оны жүргізушіге көрсетуі керек. Айтпақшы, енді инспектордың рұқсатынсыз көліктен шыға беруге болады.

Тағы оқыңыздар: Әртүрлі Алматы: Қаланың жоғары және төменгі бөлігіндегі тіршілік қандай? (фото)

Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамағаны үшін айыппұл мөлшері 5-тен бастап 3 айлық есептік көрсеткішке қысқартылды.

Жалпы айыппұлды азайту мәселесін былтыр депутат кезінде Мұхтар Тінікеев көтеріп еді. Өзі кетсе де оның ұсынысы  ескерусіз қалмапты.

«МАИ қызметкерлерi не үшiн айыппұл салады? 828 мың 900 азаматқа МАИ қызметкерлерi айыппұл салған. Бұл оқиға орнында ақша бергендердi есептемегенде. Iшкі істер министрi соңғы үш жылда жол ережесiн бұзу азайды дейдi. Бұл азайғандық емес, бұл сол жерде пара беріп, мәселені шешті деген сөз. Сондықтан, айыппұлды азайтуды немесе мүлдем алып тастауды ұсынамын» - Мұхтар Тінікеев.

Тағы оқыңыздар: Қостанай облысында әкімдіктің маңдайшасына ілінген жыртық ту тұрғындардың ашуын келтірді (фото)

Қала ішінде арнайы веложолақ салынбаса да, велосипедшілерге де талап күшейді. Оларға жаяу жүргінші жолағымен жүруге қатаң тиым салынды. Яғни жетектеп өтуі тиіс. Жалпы жол ережесіне бас аяғы 50-ден аса өзгеріс енгізіліп отыр.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1555851-zhol-erezhesindegi-ozgeris-zhurgizushil.html