Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жезқазғандық әйел өзін ғаламторда балағаттаған туған қызын сотқа берді

Опубликовано:

Жезқазғандық қария Кентаева Зина Жұртшыбайқызы туған қызын алаяқтығы мен ғаламтор желісінде өзін балағаттағаны үшін сотқа берді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Қарияның сөзінше іштен шыққан баласы барынан айырып қана қоймай, ел алдында өзін масқаралауын тоқтатар емес. Қайырсыз қызынан күдер үзген анасы енді әділдік үшін күресемін дейді.

Тағы оқыңыздар: Билік басын ауыртпайды: Ақтөбе облысындағы мұнайлы ауылдың әйелдері бала туудан бас тартуда (фото)

- Иа, мен Сандуғаш Жұмабектің анасымын. Ол ғаламтордағы парақшаларына «жетім өстім, балаларым қатерлі іссікке шалдықты, күйеумін тастап кетті» деп түрлі әңгіме жазады екен. Барлығын оқып шықтым, айтып отырғаны өтірік. Ол нағыз алаяқ әйел. Осындан он күн бұрын ғана менің үйімді  Центр Кредит Банкі соның төленбеген несиесі үшін тартып алды. Қазір шалым екеуміз пәтер жағалап жүрміз. Жасымыз жетпістен асты. Бұл Сандуғаштың кесірінен айрылған үшінші баспанамыз.

Соның өзінде «елден ұят қой, өлер шағымызда қызымызбен соттасқан» деп тыныш жүр едік. Ал Сандуғаш тыныштық бермей, бізді ел-жұртқа жамандауын тоқтатар емес. Жезқазғанда көшеге шықсам елдің бәрінің айтатыны: «Сандуғаш сіздер туралы былай деп жазды, ол маған бәленбай мың қарыз еді қашан бересіз?», - деген қаңқу сөздер. Ең сорақысы - ол бізді ғаламторда «Сілімтік шешесымақ» деп жазыпты. Осыған шыдай алмай кеттім. Ел-жұрт нан таппай жүрген заманда әке шешесінің арқасында Сандуғаш шалқып өмір сүрді. Менің шалымды ол «албасты байың» деп сөйлейді. Ал оның жоғарғы оқу орнын бітіруіне өгей болса да осы әкесі көмектесті (Сандуғаштың туған әкесі қайтыс болып кеткен). Шындығына келсем, ел-жұрт түгіл туған балаларымның бетіне қараудан қалдым, осы қыздың ісі үшін,- дейді Зина Кентаева.

Құда-жекжаттың бәріне қарыз

Зина Кентаева қызы Сандуғаштың үстінен жиырмадан астам Жезқазғандық тұрғындардың арызданғанын айтты.

«Сандуғаш біздің үш үйді кепілге қойып, үлкен бос ғимарат сатып алыпты. Осыны барлық туыс, жекжатқа көрсетіп: «Мына жерде мықты мейрамхана ашқалы жатырмын, жеті жүз мың теңге қарызға бер!» деп жалпы саны алпыс туыстан 42 миллион теңгеден астам қарыз жинап алған. Бірі ұялғаннан берген, бірінен балаңды жұмысқа тұрғызамын осы мейрамханаға деп сұрап алған. Көбісі мұнша ақшасы болмаған соң, Каспий банктен пайызбен несие алыпты. Жұмыс істейтіні бар, кәрісі бар барлығына банк несие бере берген. Себебі, Сандуғаштың банкте танысы отырып, құжатты еш қиындықсыз рәсімдеуге көмектескен. Енді осы туыстар қарызды қашан қайтарасың деп менің жағамнан алады», - дейді әжей.

Тағы оқыңыздар: Mersedes мінген Путиннің құпия серігі әшкере бола жаздады

Сандуғаштың уәдесін күтіп шаршаған 23 азамат Жезқазған қарасының полициясына арыз жазған.

Қызым  - ірі алаяқ

Зина Кентаева қызы Сандуғашты сотқа беру үшін Жезқазғаннан Астанаға арнайы келді. Жұбайы Құсайынов Бейсенбай екеуі Есіл ауданының прокуратурасы, Ішкі істер басқармасы мен "Нұр Отан" партиясына ғаламтордың жұлдызының үстінен «алаяқ» деп арыз жазған. Қос қария өздерін елге негізсіз жамандаған қыздарын тәртіпке салу үшін де бөлек шағым түсіріпті. Елге миллиондаған қарыз қызы үшін намыстанатынын айтқан анасы Сандуғашты «ірі алаяқ» деп атады. Сондай-ақ, ешкімнің оған сенбеуін және қарыз бермеуін сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1555878-zhezqazghandyq-keyuana-ozin-ghalamtord/

pixel