RU

Моңғолия президенті қымбат резиденциядан бас тартып, жұмысқа жаяу келеді

Моңғолияның жаңадан сайлан президенті Халтмаагийн Баттулга өзіне тиесілі резиденцияда тұрудан бас тартты.

Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтарына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Баттулга қымбат биік үйден гөрі, Орталық почтаға қарама-қарсы бетке орналасуды жөн санаған. Осылайша, ол 400 метр қашықтықта тұрған жұмыс орнына да жаяу барады.

Тағы оқыңыздар: Mersedes мінген Путиннің құпия серігі әшкере бола жаздады

Осыған дейін Моңғолияның 63 президенті тұрып кеткен резиденция Баттулгаға қызық болмай қалды. Жаңа басшының бұл әрекеті халықты бір қуантып тастаған.

Еске сала кетейік, Баттулга дзюдо және самбо күрестерімен айналысқан. Оның әйелі орыс ұлтынан екені анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1555909-monhgholiya-prezidenti-qymbat-rezidenc.html