RU

Қазақ боксшысы қарсыласын бірінші раундта сұлатып салды

Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов кәсіпқой бокстағы кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Baq.kz.

Лос-Анджелесте өткен жекпе-жекте отандасымыз америкалық Лэнни Дардармен қолғап түйістірді. Нұрсұлтанов бірінші раундта-ақ қарсыласын нокаутқа жіберді. Жекпе-жек алты раундқа созылуы тиіс болған.

Тағы оқыңыздар: Астанада дүниеге келген төртемдер қалай өмір сүріп жатыр? (фото)

Айта кетсек, жекпе-жек мексикалық Сауль «Канело» Альварестің промоутері Оскар Де Ла Хойя ұйымдастырған бокс кеші аясында өтті.

Еске сала кетейік, Мейірім Нұрсұлтанов бокстан әлем чемпионы Мерей Ақшаловтың інісі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1555951-qazaq-boksshysy-qarsylasyn-birinshi-ra.html