RU

Путин өзі туралы фильмді көріп отырып ұйықтап қалды

Владимир Путин өзі туралы фильмді көріп отырып ұйқыға кеткенін айтты. Бұл туралы life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

"Мен ұзақ уақыт бойы ұшақта болған соң, фильмді көріп отырып ұйықтап кеттім", - деді Путин өзі туралы фильмге берген пікірінде.

Осылайша, Ресей президенті өзі туралы түсірілген 4 сериялы фильмді соңына дейін көре алмаған.

Путин туралы фильмді режиссер Оливер Стоун түсірген болатын. Аталған картина Showtime арнасынан көрсетілді.

Әзірге фильм жалғасының түсірілімі туралы ешқандай мәлімет жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1556006-putin-ozi-turaly-filmdi-korip-otyryp.html