RU

Жұлдыздарды емдей бастаған Ерболсын Түркияда демалып келді (фото)

Аралқұмнан шыққан атышулы емші Ерболсын бүгінде Ақтөбеде тұрып жатыр. Зәулім мешіт салдырып, өзге қалаға қоныс аударған ол жақында демалып келді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

«Балам екі ай бойы қыдырып, адам қабылдаған жоқ. Түркияға барып демалып қайтты. Қарағысы келмей қипақтап жүрген. Тыриып құлап қалды. Балам емдеуді тоқтатпайды. Кеше Алматыға барып ән айтып, өлең оқып, бас жүлде алып келді. 8 сыныпты екпінділер қатарында бітірді. Ақтөбедегі әкімнің шыршасына да қатысқанын мақтанышпен айтамын. Аралда «3» деген баға ала алмай жүрген бала Ақтөбеге келіп «5»-ке оқитын болды», -дейді емшінің анасы.

Тағы оқыңыздар: Емші бала Ерболсын өзіне қаралған түркістандық жігіттің көз жұмғанын растады

Сондай-ақ, Ерболсынға келетін жұлдыздардың да қатары көбейіп келеді. Мәселен, әнші әрі асаба Шынберген Сүлейменовте емделу үшін Ерболсынға келген екен.

Ерболсынның анасы Ақтөбеде бір үйі, Аралқұмда бір үйі бар екенін айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1556038-zhuldyzdardy-emdey-bastaghan-erbolsyn.html