Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемдегі ең қарт ана 101 жасында өмірге сәби әкелді

Опубликовано:

Жас ұлғайған сайын өмірге бала әкелу қиындай түсетіні белгілі. Бірақ, ғылым мен техника дамыған заманда мүмкін еместің өзі мүмкінге айналғандай. Оған мысал: Жақында 101 жастағы Италияндық әйел салмағы 4 келі болатын баланы өмірге әкелді деп хабарлайды alashakparat.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Баланың анасы Анатолия Вертаделла өзінің 17-баласының есімін Франческо “Құдай күшінің дәлелі” деп қойды. Оның айтуынша, 48 жасында аналық безінде қатерлі ісік болған. Одан бұрын оның 16 баласы бар еді. Ақыры Алла 101 жасқа келгенде тағы бір сәби әкелуге мүмкіндік берген.

Тағы оқыңыздар: Отандық танымал әнші әке атанды (фото)

Күйеуі Вертаделлы 1998 жылы қайтыс болды. Ол интернеттен шәует арқылы 26 жасар католиктің донорын тапқан. Себебі, ананың өзі де діндәр адам.

Бұл тарихтағы алғашқы жағдай емес. Бұған дейін ең кәрі ана деп Малегвале Рамокгопа атанған. Ол 1839 жылы 92 жасында егіздерді дүниеге әкелген.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1556129-alemdegi-enh-qart-ana-101-zhasynda-omirge-s/

pixel